ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті Құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2022 жылдың 19 қаңтарға дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Филология
- Аударма ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ-де, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125 мекен-жайы бойынша өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды басқару қызметін хабардар етеді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Функционалды міндеттер
Құжаттаманың стандартты үлгілік ережелеріне сәйкес құжат айналымын жүргізу, құжаттарды қабылдау және алғашқы өңдеу,поштаны жөнелту; Мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен БҚА-да кіріс және шығыс құжаттарының уақытылы рәсімделуін тіркеу және бақылау, сонымен қатар бірегей нөмірлері бар талондар беру; Белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға есептер дайындау және уақтылы ұсыну; Тілдерді дамыту мен қызмет етудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және есептерді уақытында ұсыну; Департаменттің жиынтық номенклатурасын әзірлеу; Сапа менеджменті жүйесінің ҚР-ДСА-09-11 «Мұрағаттық менеджмент» басшылыққа алып, мұрағат ісін жүргізу, құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру, құжаттарды тұрақты сақтауға дайындау және архив қорына тұрақты сақтауға тапсыру; Қатаң есептілік нысандарын есепке алу, сақтау және жою; Департаменттегі БЖП жұмысын бақылау; Кіріс және шығыс телефон хабарламаларын бақылау және есепке алу; Департамент басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру; Департамент басқармаларына іс қағаздарды жүргізу, ведомстволық мұрағат жұмысы және мемлекеттік тілді насихаттау бойынша тиісті түсініктемелер беру; Серверлерді, бағдарламалық жасақтамаларды сүйемелдеу; Статистикалық мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Желіні, серверлерді және телекоммуникациялық құрылғыларды және Е-статистика жұмысын бақылау; Департаменттің серверлік және байланыс жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; Адами фактор әсерін болдырмау үшін Департамент қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу; Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың сауалдарына жауаптар дайындау; Ұлттық санақтарды дайындауға және өткізуге қатысу; Іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.01.2021
- город Алматы, проспект Абая, 125
-
8 (727) 375-21-88