Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Заң департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
289700 - 391104
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
- міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Департамент қызметкерлерінің нормашығармашылық қызмет, Еңбек және орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша қызметін жедел басқаруды жүзеге асыру, үйлестіру және ұйымдастыру, Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар (нұсқаулықтар, әдістемелер), бірлескен бұйрықтар, қаулылар, өкімдер және басқа құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, заңнамада көзделген Қазақстан Республикасының заң жобаларына ғылыми сараптама бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын қалыптастыру кезінде ұсыныстар енгізу. Ұлттық статистика бюросында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіруді жүзеге асыру. Департамент құзыреті шегінде Ұлттық статистика бюросы әзірлейтін заң жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, өкімдерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысуды қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілердің көрсетілген жобаларына бұрыштама қою, нормативтік құқықтық актілерді тиісті органдарға келісу және бекіту үшін жолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ бекітілген нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркеуге жолдау. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жіберуді және орналастыруды қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз ету. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктерде басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауға қатысу. Ұлттық статистика бюросы жүйесі органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасау фактілері туралы ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыруға қатысу; Ұлттық статистика бюросы жүйесі органдарының қызметкерлеріне қатысты олардың заңдылықты, орындаушылық тәртіпті, төтенше оқиғаларды, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасау фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізу; Ұлттық статистика бюросы басшылығының қарауына Департамент құзыреті бойынша қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану және алып тастау туралы ұсыныстар енгізу; Ұлттық статистика бюросы жүйесі органдарының қызметкерлері жол берген анықталған тәртіп бұзушылықтарға талдау жүргізу; Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары бойынша олардың заңнама талаптарына сәйкестігін қарау және қорытынды ұсыну, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуы. Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Ұлттық статистика бюросының қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізу және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алу шараларын қолдануға арналған жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға, Ұлттық статистика бюросында жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізуге қатысу. Қазақстан Республикасының сот, өзге де мемлекеттік органдарында Ұлттық статистика бюросының құқықтары мен мүдделерін қорғау. Заңнамада көзделген негіздер болған кезде Ұлттық статистика бюросының пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау, сондай-ақ прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органмен, құрылымдық бөлімшелермен, аумақтық бөлімшелермен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара қарым-қатынас кезінде Ұлттық статистика бюросының қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Аппараттық кеңестерге құқықтық жұмыстың жай-күйі туралы ақпарат жобасын дайындау. Ведомстволық бағынысты ұйымға құқықтық көмек көрсету. Респонденттер мен әкімшілік дереккөздер шағымданған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға құзыреті шегінде қатысу. Құзыреті шегінде Ұлттық статистика бюросы, Агенттік басшылығының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.01.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-95-30, 74-95-29, 74-97-87