Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының бас маманы (С-0-5 санаты, 2 бірлік).
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Түркістан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңңамаларына сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалар мен бұйрықтарды белгіленген мерзімде орындау. Басқарма басшысы уақытша болмаған кезде оның құзіретіне жататын қызметтерді атқару.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика мәселелері бойынша әкімшілік есепке алу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде ұсыныстар беру, әкімшілік есепке алу шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүргізуге қатысу және мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу.
Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге статистикалық ақпараттарды есептеу әдісін түсіндіре отырып жұмыс жүргізу және олардың алғашқы статистикалық деректерді электронды түрде тапсыруына бақылау жасау. Статистикалық заңнама талаптарын бұзған әкімшілік дереккөздер мен респонденттерге заңңамада көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Департаменттің салалық және аудандық басқармаларынан, респонденттермен жұмыс жөніндегі басқармадан алынған, «е-Статистика» ИАЖ-да байқаулар қорытындылары бойынша автоматты режимде қалыптастырылатын тізімдерге және тіркелімдер басқармасынан алынатын респондент туралы байланыс деректеріне сәйкес алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша белгіленген мерзімде, ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы процессуалдық жұмыстарды (құжат дайындау, басшылыққа шешім қабылдау үшін ұсыну, қабылданған шешімдерді орындау, ЕРАП базасына тіркеу) жүргізу.
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша іс-шараларды орындау, жалпы құқықтық оқытулар жүргізу. Статистика саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Өз құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпараттар бойынша құжаттар мен тұжырымдарды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алатын өзге тапсырмаларды орындау. Департамент басқармаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты профилактикалық бақылау жүргізу жұмыстарына бақылау жасау, орындалған жұмыстар бойынша мәліметтер жинау, басшылыққа есептер дайындау және басқармаларға аталған жұмыстарды жүргізу бойынша кеңестер беру. Заңды күшіне енген сот актілері мен құқықтық сипаттағы құжаттарды заңнамаға сәйкес орындау. Әкімшілік құқық бұзушылық істерінің белгіленген мерзімінде орындалуына бақылау жүргізу, мерзімінде төленбеген айыппұлдар бойынша заңнамаға сәйкес мәжбүрлеп орындау шаралары бойынша жұмыстарды жүргізу.
Департамен құзырына жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарында, прокуратурада, сотта және басқа да мемлекеттік органдарда Департаменттің өкілі болу, мүддесін қорғау, талап қою істері бойынша жұмыстарды жүргізу. Өз құзіреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптар дайындау.
Басшылықтың және басқарма басшысының тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау, Әкімшілік құқық бұзушылық істерінің белгіленген мерзімінде орындалуына бақылау жүргізу, мерзімінде төленбеген айыппұлдар бойынша заңнамаға сәйкес мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдау жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.01.2021
- 160012, Шымкент қ., Желтоксан к., 30 а
-
87252 39-01-62