Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының басшысы (С-0-3 санаты, 1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

            Функционалдық міндеттері: Басқарманың қызметіне басшылық жасау. Басқарманың жұмысын жоспарлау мен үйлестіруді ұйымдастыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалар мен бұйрықтардың белгіленген  мерзімде  орындалуын қамтамасыз ету.

        Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика мәселелері бойынша әкімшілік есепке алу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде ұсыныстар беру, әкімшілік есепке алу шеңберінде ведомствоаралық өзара  іс-қимылды жүргізуге қатысу және мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды іске асыру.

        Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге статистикалық ақпараттарды есептеу әдісін түсіндіре отырып жұмыс жүргізуді және олардың алғашқы статистикалық деректерді электронды түрде тапсыруын ұйымдастыру. Статистикалық заңнама талаптарын бұзған әкімшілік дереккөздер мен респонденттерге  заңңамада көзделген құқықтары мен міндеттерін   түсіндіре отырып, ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау бойынша процессуалдық жұмыстарды (құжат дайындау, басшылыққа шешім қабылдау үшін ұсыну, қабылданған шешімдерді орындау, ЕРАП базасына тіркеу) жүргізуге басшылық жасау. 

        Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, Департаментте жалпы құқықтық оқытуларды  ұйымдастыру. Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды  жүргізуді үйлестіру және ұйымдастыру. Заңды күшіне енген сот актілері мен құқықтық сипаттағы құжаттарды орындау жөнінде  шаралар  қабылдау бойынша жұмыстардың уақытылы жүргізілуіне бақылау жасау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың заңнамаға сәйкестігіне сараптама жасау. Департамент қызметіндегі азаматтық құқықтық қатынастар, еңбек қатынастары бойынша жасақталатын шарттардың заңнамаға сәйкестігіне сараптама жүргізу, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз ету. Құқық қорғау органдарында, прокуратурада, сотта және басқа да мемлекеттік органдарда Департаменттің өкілі болу, мүддесін қорғау, талап қою істері бойынша жұмыстарды жүргізуді үйлестіру.

        Департамент қызметі бойынша жасақталатын хаттамалар мен басқа құжаттардың, кіріс-шығыс хаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарап,  оларды келісу. Департаменте құрылған комиссиялармен жүргізілетін жұмыстарға заң шеңберінде кеңестер беру, құзырына жататын мәселелер бойынша комиссияның,  жұмыс топтарының құрамына қатысу. Департаменттің ерекше маңызды, аса құпия және құпия мәліметтеріне рұқсаты бар қызметкерлердің бекітілген лауазымдар номенклатурасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерге рұқсаты болуын, жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау бойынша жұмыстарды үйлестіру және кеңестер беру. Департамент қызметі бойынша  шығарылатын бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер және құқықтық сипаттағы басқа да актілер жобаларының қолданыстағы  заңнама талаптарына сәйкестігіне сараптама  жүргізу, басшыға қол қоюға ұсынғанға дейін оларға қол қою. Статистика саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Өз құзыреті шегінде  кіріс және шығыс ақпарат бойынша құжаттар  мен тұжырымдарды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алатын өзге тапсырмаларды орындау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.01.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.01.2021 – 20.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.01.2021

Сұхбаттасу орны

160012, Шымкент қ., Желтоксан к., 30 а

Анықтама алу үшін байланыс

87252 39-01-62