Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Теректі ауданы статистика басқармасының бас маманы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Ветеринария
  • Математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, менеджмент, бухгалтерлік есеп, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компъютерлік модельдеу), ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия, зоотехния, ветеренария, ауыл шаруашылығын механикаландыру).

Функционалды міндеттер

Ауданның (қаланың)  статистика басқармасы бойынша статистикалық жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; статистикалық байқау әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық деректерді бақылайды; ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер қорын толтырады, жүргізеді және оны өзектендіруді қамтамасыз етеді; статистикалық жинақ дайындауға қатысады; статистикалық тіркелім деректерін өзектендіреді; интервьюерлердің жұмысын ұйымдастырады; әкімшілік дерек көздермен өзара қарым-қатынас жасау; департаменттің салалық басқармаларының  сұрауларына ақпараттар дайындауды жүзеге асырады, респонденттерді статистикалық құралдармен қамтамасыз етеді; Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру; Респонденттерді статистикалық нысандар бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді; респонденттерге кеңес береді;  алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау; іс жүргізуді басқарманың іс номенклатурасына сәйкес жүргізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.01.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.01.2021 – 14.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

 (8-7112) 50-95-25