Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті үй шаруашылықтарын зерттеу басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2023 жылғы 5 шілде аралығында)

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады

Функционалды міндеттер

Статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; халықтың тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша статистикалық байқаулар мәліметтерінің дерекқорын қалыптастырады; интервьюерлер жұмысын ұйымдастырады, нұсқама өткізу және олардың жұмыс сапасын бақылайды; статистикалық байқау әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық мәліметтерді бақылайды; халықтың тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша бюллетеньдер және басқа статистикалық материалдарды дайындауға қатысады; респонденттерді статистикалық нысандар бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;  алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді; құжаттарды мұрағатқа тапсыру үшін қалыптастырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;  сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды.                     

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.01.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.01.2021 – 14.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7112) 50-95-25