Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өндіріс және қоршаған орта, құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2023 жылғы 26 тамыз аралығында)

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Функционалды міндеттер

Статистикалық  жұмыстар жоспарының орындалуын өндіріс және қоршаған орта, құрылыс және инвестиция статистикасы бойынша қамтамасыз етеді; статистикалық байқаулар деректер қорын қалыптастыру және статистикалық  нысандары бойынша сауалдарға жауап береді; статистикалық байқаулар әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық деректерді бақылайды; өндіріс және қоршаған орта, құрылыс және инвестиция статистикасы бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерттейді, қорытындылау және талдау жасайды; өндіріс және қоршаған орта, құрылыс және инвестиция статистикасы бойынша жинақтар, бюллетеньдер, жедел ақпараттар мен баспасөз хабарламаларын және басқада облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша статистикалық материалдарды дайындайды; статистикалық тіркелім деректерін өзектендіруге қатысады; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; номенклатураға сәйкес істерді құрады, құжаттарды сақтауға дайындайды, тұрақты сақталатын істердің тізімін жасайды, уақытша сақталатын істерді жою актілерін дайындайды; респонденттермен, АСБ мамандарымен және мемлекеттік органдармен семинарлар өткізеді; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.01.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.01.2021 – 14.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7112) 50-95-25