Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тіркелімдер басқармасының бас маманы
Батыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Математика
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; «Ауыл шаруашылық статистикалық тіркелімі» АЖ жүргізеді және өзектендіреді; статистикалық бизнес тіркелімді алғашқы статистикалық (1СТ, 1-НП) және (немесе) әкімшілік деректер негізінде өзектендіреді; ҚҰЖЖ, ӘАНЖ,ЭҚЖЖ, КӨЖ мәселелері бойынша кеңес береді; мемлекеттік органдармен дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктердің ақпараттармен алмасу бойынша өзара қарым-қатынас; белгіленген талаптарға және Қауіпсіздік саясатына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді қоса алғанда, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді; жедел-ақпаратты дайындайды; Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады; құжаттарды мұрағатқа тапсыру үшін дайындайды; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй
-
(8-7112) 50-95-25