Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті персоналды басқару қызметінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Функционалды міндеттер
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурстық рәсімдер өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; ҚР ҰҚК мен АЕжҚСК-де арнайы тексеріс өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызметшілердің өтуіне байланысты мемлекеттік органның шешімдерін рәсімдейді, қызметкерлердің жеке істерін жүргізеді, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан босатуды уақытында рәсімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; Департамент қызметкерлерінің еңбек демалысы кестесін дайындайды, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жоспар дайындайды; іссапар жоспарын құрады; істер номенклатурасын жасайды, құжаттарды есепке алу және сақтау бойынша жұмысты үйлестіреді, олардың жай-күйі мен мұрағатқа сақтауға бергенге дейін сақталуына бақылауды жүзеге асырады; іссапар туралы, жеке құрам бойынша, басқа да бұйрықтарды дайындайды; тағылымдама және тәлімгерлік бойынша жұмысты ұйымдастырады; жеке құрам есебі және еңбек қызметі туралы анықтама беру, еңбек кітапшаларын сақтау және толтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды, аттестаттауды жүргізуді ұйымдастырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; департамент кадрларының мониторингін және кадрлық іс жүргізеді, оның ішінде «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй
-
(8-7112)50-95-25