ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің Құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының жетекші маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің 2023 жылғы 22 қыркүйегіне дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне), индекс (№16-7), 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Алматы облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Құқық
- Жерге орналастыру
- Экономика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Құрылыс
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
Функционалды міндеттер
Статистикалық есептілік бойынша алынған деректерді өңдеу, талдау және қорытындылау, статистикалық бақылауларды жүргізу; Статистикалық жұмыстар жоспарының сапалы, уақытылы, дұрыс орындалуына бақылау жасау. Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру. Тексеруді қорытындылау; Өңірлік статистика басқармаларына әдістемелік нұсқауларды түсіндіру мен семинар-кеңестер өткізу; Мәліметтердің сақталу және архивталу жүйесінің қызметін, статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Е-статистика жұмысын алып жүру; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; құрылыс және инвестициялар бойынша есеп жүргізу; математикалық формуларды қолдану арқылы есептеу; мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Марков көшесі, №44
-
8 (727) 271-54-98