ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының жетекші маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің 2021 жылғы 17 қыркүйегіне дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне), индекс №06-7, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Функционалды міндеттер

«Бастапқы статистикалық мәліметтерді жинау ақпараттық-есептеу жүйесі» кешенді бағдарламасына статистикалық нысанды қабылдау туралы, байланыс мәліметтерін (нақты мекен-жайы, e-mail, телефон нөмірлері) енгізу. Департаменттің құжат айналымы, е-архив жұмыстарын жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану бойынша жұмыстарды жүргізу; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.01.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.01.2021 – 20.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Марков көшесі, №44

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 271-54-98