Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы (1 бірлік, № 16-1) «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылық етеді, басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, басқармадағы атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.

Басқарманың жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Есептік саясатқа сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және қаржы есептілігін қалыптастырады.

Бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларын көрсетеді және оны бақылауды қамтамасыз етеді, жедел ақпарат ұсынады, қаржы және бюджеттік есептіліктерді белгіленген мерзімдерде құрады және ұсынады.

Бухгалтерлік және экономикалық көрсеткіштерді талдайды, Департаменттегі қаржы жағдайы, қызмет нәтижесі мен қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дәйекті ақпарат ұсынады.

Бюджет қаражатын және материалдық ресурстарды пайдалану бойынша Департамент қызметіне кешенді экономикалық талдау жасайды және жоспарлық-экономикалық жұмыстарды бақылайды.

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу үдерістерінің орындалуын, азаматтық-құқықтық мәміле өтінімдерін тіркеуді бақылайды.

Қаржы және кассалық тәртіпті сақтауды, ақша қаражатына, тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуді бақылайды.

Еңбекке төлем қоры қаражатының жұмсалуын, салықтар аударуды бақылайды.

Құқықтық сұрақтарды қарастыру кезінде белгіленген тәртіпте департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда білдіреді.

Қаржы, мемлекеттік сатып алулар саласында барлық құқықтық актілерге құқықтық қамтамасыз етуді бақылайды.

Басқарманың құзырына жататын құқықтық сұрақтар бойынша департамент атынан түсіндірулер дайындайды.

«1С-Кәсіпорын» бағдарламасында және «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде, бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде, есептілікті тапсырудың бірегей жүйесінде (ЕТБЖ) және мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында  жұмыс істейді.

Уәкілетті органға белгіленген нысандар бойынша ақпарат және есептілік дайындайды.

Аумақтық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған қаржы қызметі басқармасы бойынша басқа міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.12.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.12.2020 – 14.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.12.2020

Сұхбаттасу орны

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7212) 41-45-31, факс:
(8-7212) 41-45-70