Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті Әлеуметтік және демографиялық статистика және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 2 қазанға дейін, негізгі қызметкерлер осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқылы), санаты C-О-5, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Павлодар облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын, Департаменттің қызметін регламенттейтін құжаттардың талаптарын, қызметтік тәртіпті, қызметтік әдепті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтауға. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен мекемелердің, заңды және жеке тұлғалардың сұрауларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге. Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және оны тек қызметтік мақсатта пайдалануға. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және заңнаманың бұзылуын болдырмау бойынша шаралар қабылдауға. Кәсіби біліктілік пен құзыреттілік деңгейін арттыруға, жүктелген учаскеде жұмыс тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге. Істер номенклатурасына сәйкес регламенттеуші, жоспарлы, есепке алу және есептілік құжаттамасын тиісінше ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етуге. Ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарын сақтауға, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге, оларды істер номенклатурасына сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағыштарда сақтауға. Пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа тең және бір мезгілде қол жеткізуін Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыру арқылы қамтамасыз етуге. Цифрлық жұмыс орнында күн сайынғы жұмысты жүзеге асыруға. Еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге және сақтауға. Статистикалық ақпаратты уақтылы және сапалы қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз етуге, оның ішінде: cтатистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын және Бюроға есептілікті уақтылы ұсынуды; D001 (бір жолғы), D002 (жылына бір рет), D003 (тоқсандық), D004 (тоқсандық), D008 (жылдық, тоқсан сайын нақтылаумен) нысандары бойынша әдістемелік және нұсқаулық материалдарды қолдана отырып бастапқы және жиынтық статистикалық деректерді жинауды, енгізуді, жүргізуді және өңдеуді; әдістемелік және нұсқаулық материалдарды пайдалануды; статистикалық деректерді талдау жүргізуді, оның ішінде сапасын бақылауды, салыстыруды, ауытқуларды анықтауды; көрсеткіштердің динамикалық қатарларын жүргізуді және статистикалық регистрлерді өзектендіруді; мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды қашықтықтан бақылау нысанында жүзеге асыруды; респонденттермен және аумақтық бөлімшелермен нұсқаулық семинаркеңестер өткізуді, әдіснамалық және практикалық көмек көрсетуді; ұлттық халық санағын жүргізудің мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарына қатысуды интервьюерлердің жұмыстарын ұйымдастыру (таңдау, оқыту, зерттеуді өткізу, интервьюерлердің жұмыстарының сапасын бақылау және т.б.). Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «B» функционалдық блогына жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
aigerim.otelova@aspire.gov.kz
- 08.05.2026
- город Астана, проспект Мәңгілік Ел, здание 55/6 (Zoom арқылы)
-
8 7172 64 97 41