Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті Ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 3 наурызға дейін, негізгі қызметкерлер осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқылы) С-0-5 санаты,1 бірлік.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Павлодар облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау. Департаменттің қызметін регламенттейтін құжаттардың талаптарын, қызметтік тәртіпті, қызметтік әдепті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтауға. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен мекемелердің, заңды және жеке тұлғалардың сұрауларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге. Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және оны тек қызметтік мақсатта пайдалануға. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және заңнаманың бұзылуын болдырмау бойынша шаралар қабылдауға.Кәсіби біліктілік пен құзыреттілік деңгейін арттыруға, жүктелген учаскеде жұмыс тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге. Істер номенклатурасына сәйкес регламенттеу, жоспарлау, есепке алу және есептілік құжаттамасын тиісінше ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етуге. Ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарын сақтауға, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге, оларды істер номенклатурасына сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағыштарда сақтауға. Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыру арқылы пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа тең және бір мезгілде қол жеткізуін қамтамасыз етуге. Цифрлық жұмыс орнында күн сайынғы жұмысты жүзеге асыруға. Еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге және сақтауға. Статистикалық ақпаратты уақтылы және сапалы қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз етуге, оның ішінде: cтатистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын және Бюроға есептілікті уақтылы ұсынуды; 24-аш (айлық), 24-аш (жылдық), А-008 (тоқсандық), 8-сх (қызмет көрсету) үш жылда бір рет нысандары бойынша әдістемелік және нұсқаулық материалдарды қолдана отырып бастапқы және жиынтық статистикалық деректерді жинауды, енгізуді, жүргізуді және өңдеуді; әдістемелік және нұсқаулық материалдарды пайдалануды; статистикалық деректерді талдау жүргізуді, оның ішінде сапасын бақылауды, салыстыруды, ауытқуларды анықтауды; көрсеткіштердің динамикалық қатарларын жүргізу; статистикалық регистрлерді өзектендіру, АШТ АЖ-да әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу деректері бойынша экономикалық көрсеткішерді бақылауды, талдауды жүзеге асырады; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асыру; респонденттермен және аумақтық бөлімшелермен нұсқаулық семинар-кеңестер өткізуді, әдіснамалық және практикалық көмек көрсетуді; ұлттық халық санағын жүргізудің мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарына қатысуды. Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «А» функционалдық блогына жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
aigerim.otelova@aspire.gov.kz
- 08.05.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 үй (ZOOM арқылы)
-
8 7172 64 97 41