Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас маманы, C-O-5 санаты,1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика және статистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың қолданылуын қарастыру және қажетті шараларды қабылдау. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен мекемелердің, заңды және жеке тұлғалардың сұрауларына жауаптары уақтылы және сауатты қалыптасуын бақылау. Қызметтік тәртіпті, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді, қызметтік этиканы сақтауға. Азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты жарияламауға және олардан мұндай ақпаратты талап етпеуге, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, талап етілмейді. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсаттарда пайдалану. Статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Басқарманың қызметін үйлестіру, Басқарма қызметкерлерінің еңбек және еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Департамент басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын, мәжіліс шешімдерін және басқарма басшысының тапсырысын нақты және адал орындау. Белгіленген талаптарға және Қауіпсіздік саясатына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді қоса алғанда, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қабылдау. Қазақстан Республикасының заңымен және Республика Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Жетекшілік ететін бөлімшенің құзыреті шегінде Департаменттің ішкі реттемелейтін құжаттарын әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін, жауапкершілігі мен өкілеттіктерін анықтау, Департаментте белгіленетін талаптар мен өзгерістерге сәйкес лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу және жаңартуды қамтамасыз ету. Басқармада ішкі еңбек ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Өзінің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігінің деңгейін арттыру. Басқарманы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, оларға жұмысты тиімді жүктеу бойынша шараларды қолдану, қызметкерлерді оқытуды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру.  Басқарма және жүктелген жұмыс учаскесіндегі жеке дара әрбір қызметкер жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды қолдану.  Ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарын сақтау. Мемлекеттік органдардың интранет-порталындағы «Жоспарлар мен тапсырмаларды бақылау», «Бірлесіп құжаттармен жұмыс жасау» модульдерінде күнделікті жұмысты жүзеге асыру. Сонымен қатар, «Информеры», «Қазақстан Республикасының стандарттары» «Мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелері» деректер қорында, «Қазақ-орыс-ағылшын сөздігі», «Құжаттар кітапханасы», «Комитеттің анықтамалығы», «Хабарламалармен тез алмасу», «Хабарлау» қосымша сервистарында жұмыс жүргізу. Басқарма қызметкерлерімен еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы сақтау және өндіріс санитариясының ережелері мен нормаларын оқып-білу және оқуды қамтамасыз ету. Басқармада қызметкерлерімен басқармадағы қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы сақтау ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз ету. Басқарма қызметкерлеріне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты түсіндіру; Мемлекеттік органдардың интернет-порталында күнделікті жұмысты жүзеге асыру. Орындайды: негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен есеп айырысу, ТМҚ түгендеуді жүргізу, НҚ; ТМҚ, НҚ қозғалысы бойынша айналым ведомостарын жүргізу; материалдық жауапты тұлғалардың кіріс және шығыс бойынша есептері, НҚ, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру актісі; компьютерлерге арналған шығын материалдарын сатып алуға, орнатуға өтінімдерді қабылдау, орнату актілерін, ақау ведомостарын, ОС, ТМЦ есептен шығару актілерін ресімдеу (қосалқы бөлшектер, шығын және жинақтаушы материалдар); ОС және инвестициялар бойынша статистикалық есептілік. Жасалған шарттарға, алынған тауарлар, орындалған қызметтер мен жұмыстар үшін уақтылы кіріске алуға және төлеуге бақылауды жүзеге асыру; ЕСЖО бағдарламасында НҚ бойынша жылдық есепті тапсыру; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алу кезінде жеткізушілермен салыстыру; материалдық жауапты тұлғаларға ТМҚ, НҚ алу үшін сенімхаттар беру; тиісті қаржы жылына арналған бюджетті әзірлеуге қатысу; материалдық ордерлерді жүргізу№ 7, 9, 13, 18, 19, 23; қызмет көрсетуді жеткізушілермен, (ҚСБ, АСБ және ауылдық округтердің үй жайларды жалдау) бойынша келісімшартты дайындауды іске асыру; қызметтерді жеткізушілермен келісім-шарттарды дайындау және жасауды жүзеге асыру; жұмыс және қызмет бойынша алынған және төленген шот есебін жүргізу, әрбір тоқсан мерзімінде жеткізушілермен есеп айырысуды сәйкестендіру; қызмет көрсетушілермен есеп айырысуларды салыстыру; қаржыландыру жоспарларын әзірлеуге қатысу; тиісті жылға бюджетті әзірлеу, бюджетті орындау бойынша (ай сайын) есеп жасау, қаржыландыру жоспарларын түзету (қайта ауыстыру); орындалған жұмыс пен қызмет құнының (барлық бағдарламалар бойынша) калькуляциясын жасау; мемориалдық ордер №6 жүргізу; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін сақтау; өзінің кәсіби дайындығының деңгейін арттыру; «1С Бухгалтерия» компьютерлік бухгалтерияда жүргізу.

Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «B» функционалдық блогына жатады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.04.2026 – 05.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мб

Сұхбаттасу күні

08.05.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 үй (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 64 97 41