Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 26 наурызға дейін, негізгі қызметкерлер осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқылы) C-O-5 санаты, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Павлодар облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика және статистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың қолданылуын қарастыру және қажетті шараларды қабылдау. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен мекемелердің, заңды және жеке тұлғалардың сұрауларына жауаптары уақтылы және сауатты қалыптасуын бақылау. Қызметтік тәртіпті, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді, қызметтік этиканы сақтауға. Азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты жарияламауға және олардан мұндай ақпаратты талап етпеуге, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, талап етілмейді. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсаттарда пайдалану. Статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Басқарманың қызметін үйлестіру, Басқарма қызметкерлерінің еңбек және еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Департамент басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын, мәжіліс шешімдерін және басқарма басшысының тапсырысын нақты және адал орындау. Белгіленген талаптарға және Қауіпсіздік саясатына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді қоса алғанда, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қабылдау. Қазақстан Республикасының заңымен және Республика Президентініңактілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Жетекшілік ететін бөлімшенің құзыреті шегінде Департаменттің ішкі реттемелейтін құжаттарын әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін, жауапкершілігі мен өкілеттіктерін анықтау, Департаментте белгіленетін талаптар мен өзгерістерге сәйкес лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу және жаңартуды қамтамасыз ету. Басқармада ішкі еңбек ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Өзінің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігінің деңгейін арттыру. Басқарманы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, оларға жұмысты тиімді жүктеу бойынша шараларды қолдану, қызметкерлерді оқытуды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру. Басқарма және жүктелген жұмыс учаскесіндегі жеке дара әрбір қызметкер жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды қолдану. Ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарын сақтау. Мемлекеттік органдардың интранет-порталындағы «Жоспарлар мен тапсырмаларды бақылау», «Бірлесіп құжаттармен жұмыс жасау» модульдерінде күнделікті жұмысты жүзеге асыру. Сонымен қатар, «Информеры», «Қазақстан Республикасының стандарттары» «Мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелері» деректер қорында, «Қазақ-орыс-ағылшын сөздігі», «Құжаттар кітапханасы», «Комитеттің анықтамалығы», «Хабарламалармен тез алмасу», «Хабарлау» қосымша сервистарында жұмыс жүргізу. Басқарма қызметкерлерімен еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы сақтау және өндіріс санитариясының ережелері мен нормаларын оқып-білу және оқуды қамтамасыз ету. Басқармада қызметкерлерімен басқармадағы қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы сақтау ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз ету. Басқарма қызметкерлеріне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты түсіндіру. Мемлекеттік органдардың интернет-порталында күнделікті жұмысты жүзеге асыру. Орындайды: “Іссапарлық шығындар” есеп жүргізу шоты бойынша “1С Бухгалтерия” компьютерлік бухгалтериясын жүргізу (күнделікті); Жұмыс және қызмет бойынша алынған және төленген шот есебін жүргізу, жеткізушілермен есеп айырысуды сәйкестендіру. Қалааралық байланыс қызметтері бойынша реестрді тексеру және ажырату; Бухгалтерлік құжаттарды өңдеу және оларды ведомстволық мұрағатқа тапсыру; Міндеттемелерді тіркеу үшін өтінімдерді жасау, төлем шоттарын дайындау; Кассалық операцияларды, кассалық кітапты жүргізу, №1 м/о кассалық операциялары, №2 м/о банк операцияларының есебі бойынша жинақтаушы тізімдемені жүргізу; Есеп беретін адамдардан қолма-қол ақшаны беру және алу (іссапар шығыстары); ЖЖМ талондарын беру, ЖЖМ беру, шығысы мен есептен шығару есебін жүргізу; Күнделікті өнім берушілермен төлеу есебі, әрайлық қабылданған міндеттемелерді және төлемдер бойынша төлеуді 4-20 нысанымен салыстыру; Аванстық есеп жүргізу. Есеп беретін тұлғалармен есеп жүргізу, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы тізімдеменің есебін жасау; Баға ұсыныстарына сұрау салу жолдарымен мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын жасасу және іске асыру, баға ұсыныстарын және мемлекеттік сатып алуларға қатысуды ресімдеу, келісімшарттың толық орындалу қорытындыларын шығарады; Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасау, тауар, жұмыс, қызмет жоспарлы номенклатурасына өзгеріс енгізу негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу; Баға ұсыныстарына сұрау салу жолымен мемлекеттік сатып алуларды жүргізуді ұйымдастыру, веб-сайтқа баға ұсыныстарын енгізеді, мемлекеттік сатып алуға қатысудың құжаттарын ресімдейді, қорытынды жасайды; Өкілетті органға электрондық түрде және қағаз нұсқада келісімшарт және оларды орындау туралы мәлімет жібереді; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін сақтау; өзінің кәсіби дайындығының деңгейін арттыру; «1С Бухгалтерия» компьютерлік бухгалтерияда жүргізу. Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «B» функционалдық блогына жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
aigerim.otelova@aspire.gov.kz
- 08.05.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 үй (ZOOM арқылы)
-
8 7172 64 97 41