Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қатонқарағай ауданының Статистика басқармасының басшысы, санаты С-О-3 (блок А),коды (№ 18-01 ), 1 бірлік

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Функционалды міндеттер

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының жоспарларына, кестелеріне, нұсқауларына сәйкес қызмет жоспарлау. Респонденттермен жұмыс істеу үшін материалдар қалыптастыру. Әкімшілік деректемелермен қарым-қатынас.Статистикалық есептіліктерді жинау мәселелері бойынша әдіснамалық және ұйымдастыру жұмыстары. Есептіліктердің дұрыстығын, толықтығын және уақытында қамтамасыз ету. Әлеуметтік-экономикалық процестерге және құбылыстарға экономикалық талдау жасау, жинақтау және өндеу. Статистикалық деректерді тарату бойынша жұмыстар ұйымдастыру. «е-Статистика» ақпаратттық интегралдық жүйемен жұмыс істеу, он-лайн режимі бойынша респонденттерге деректер жинауға кеңес беру. Статистика салалары бойынша респонденттерден статистикалық алғашқы деректерді алу және енгізу; Респонденттерге қатысты әкімшілік іс жүргізу үшін дәлелдемелердің толықтығын, нақтылығын және жеткілігін қамтамасыз ету. Респонденттерге бармай мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асыру; Респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.04.2026 – 28.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: (допустимый размер файла не более 10 МБ)

Сұхбаттасу күні

30.04.2026

Сұхбаттасу орны

Шығыс Қазақстан Облысы, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі. 85, қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өтеді.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7232) 25-26-21