Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Статистикалық тіркелімдер және жинақтау жұмыстары бөлімінің бас маманы, (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «A» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлытау облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика
- Информатика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Бағалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес құрылымдық және тіркелімдер статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді. Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс, статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде құрылымдық және тіркелімдер статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады. Құрылымдық және тіркелімдер статистикасы бойынша статистикалық нысандар бойынша респонденттермен оқыту семинарларын өткізеді. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанына қатысады. Ұлттық санақтарды өткізуге қатысады. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық бизнес-тіркелімді, халықтың статистикалық тіркелімін,ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімін, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді және өзектендіруді жүзеге асырады. Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын қызметті, іс-шараларды жоспарлау және статистикалық ақпаратты тарату бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін нақтылау бойынша жұмысты жүзеге асырады. Статистикалық ақпаратты қолданушылардың қанағаттану сауалнамалары туралы ақпаратты талдайды, ұйымдыстырады және жүргізеді, қолданушылардың қанағаттануын арттыру бойынша шаралар қабылдайды. Өндірістік кеңестер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциялар, Департамент қызметінің сұрақтары бойынша «Ашық есік күндерін», «дөңгелек үстелдер» жүргізу үшін материалдар дайындайды. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсының Ұлытау бөлімінде ақпарат орналастыруды және жаңартуды үйлестіреді және бақылайды. Статистикалық жарияланымдарды корпоративтік стильді қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес ресімдеуді бақылауды іске асырады. Мемлекеттік құпияларды қорғауды, оның ішінде құпия іс-жүргізуді жүзеге асырады. Департаменттің Ақпараттық қауіпсіздік саясатын үйлестіреді және жүзеге асырады. Респонденттерге құрылымдық және тіркелімдер статистикасы бойынша оқыту семинарларын өткізеді. Құрылымдық және тіркелімдер статистикасы бойынша респонденттерге және қалалық (аудандық) статистика бөлімдерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлімнің басқа міндеттері мен функцияларын іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.otelova@aspire.gov.kz
- 28.04.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 үй (ZOOM арқылы)
-
8 7172 64 97 61