Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (C-O-5 санаты, 2 бірлік, «В» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындайды, веб-порталда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі функцияларын орындайды, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында Бірегей оператормен өзара іс әрекет етеді. Тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді және оны Веб-порталға орналастырады; белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгертулер енгізеді. Белгіленген мерзімдерге сәйкес тікелей шарт жасау жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептерді веб-порталға орналастырады. Тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қажеттіліктің жоспарлық номенклатурасын құрады. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделген бюджеттік қаржыға талдау жүргізеді. Соттың шешімі негізінде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тіркеліміне енгізуге өтінім береді. Коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін және басқа да жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша шарттардың жобаларын дайындайды. Өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қабылданған басқа да дебиторлармен мен кредиторлармен, өнім берушілермен және мердігерлермен, жеке тұлғалармен есеп айырысу бойынша міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың есебін жүргізеді. Тиісті учаскелер бойынша бухгалтерлік есептердің алғашқы құжаттарын қабылдайды және есептік өңдеуге дайындайды. Қолданыстағы бюджет заңнамалығының талаптарына сәйкес нысаны, толтыру толықтығы мен дұрыстығы бойынша сәйкес коммуналдық төлемдер, байланыс қызметтері, жайларды жалдау төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық жіктегішінің ерекшеліктері бойынша электрондық банк құжаттарын жасайды және ресімдейді. Құқықтық сұрақтарды қарастыру кезінде сотқа, сондай-ақ өзге ұйымдарға жүгіну үшін құжаттарды белгіленген тәртіпте және мерзімдерде дайындауды қамтамасыз етеді. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлімнің басқа міндеттері мен функцияларын іске асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.04.2026 – 24.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

28.04.2026

Сұхбаттасу орны

город Астана, проспект Мәңгілік Ел, здание 55/6 (посредством ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 64 97 61