Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, (C-O-1 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Қостанай облысы
611721
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Математика
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Аграрлық техника және технология
- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
- Туризм
- Бағалау
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Департаменттің қызметіне жалпы басшылық ету, Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Өңірлік деңгейде статистикалық қызметті ұйымдастыру, Статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Статистикалық процестер, статистикалық деректер және ресми статистикалық ақпараттың талап етілетін сапасын қамтамасыз ету. Ұлттық санақтарды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін саладағы құрылымдық басқармалардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілерінің, Бюро бұйрықтарының, Департамент бойынша шешімдер мен бұйрықтардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарымен, сот және қадағалау органдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Департаментті білдіру. Ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен және респонденттермен жұмыс жасау. Департамент жоспарында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен және оның тиісті филиалдарымен өзара іс-қимыл жүргізу. Департаменттегі еңбек орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету. Департаменттің Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын бекіту. Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
"А" функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8 (7172) 74-96-94