Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және респонденттермен жұмыс басқармасының бас маманы, (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Департаментте құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Сот органдарында, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен департаменттің мүдделерін білдіреді. Департаменттің мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда департаменттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша оның атынан түсініктеме дайындау. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, Департамент мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Анықталған кемшіліктерді жою және Департаменттің шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында шағымдарды, сот және төрелік істерді қарау нәтижелерін, шаруашылық шарттарды жасасу және орындау практикасын зерделеуді, талдауды және қорытуды жүргізеді. Іс жүргізудегі және орындаумен аяқталған сот, төрелік істерді жүзеге асырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін респонденттердің мүдделерін қозғайтын мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша түсіндіру сипатындағы материалдарды дайындайды және осы бағыттағы аудандық статистика басқармаларының қызметін үйлестіреді. Департамент қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәніне мониторинг жүргізеді. Департаменттің қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заң мәселелері бойынша кеңес береді, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге жәрдем көрсетеді. Департамент қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерістер туралы хабардар етуді, Департаменттің лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуда заңды сүйемелдеу. Департамент басшысының белгіленген мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлық бойынша жасалынған жоспарына және кестесіне сәйкес іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру.
«В» функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 13.11.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-96-94