Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Қармақшы ауданының Статистика бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Математика
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Берілген тапсырмалардың, бұйрықтардың, міндеттердің уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Статистика саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Өз құзыреті шегінде кіріс және шығыс құжатайналымы бойынша материалдарды уақытылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Статистикалық  жұмыстар жоспарына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және енгізу.     «Бір терезе» қызметінің жұмыс регламентін сақтау, респонденттерге практикалық және әдіснамалық көмек көрсету. Респонденттерге қатысты деректерді уақытылы өзектілендіруді жүзеге асыру.«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес Әкімшілік дереккөздерге қатысты  мемлекеттік бақылауды  қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асыру. Әкімшілік дереккөздерге қатысты тиісті шаралар: бұзушылықтарды жою туралы қорытынды енгізу, ҚазақстаРеспубликасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік іс қозғау, әкімшілік дереккөзді мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізу  бойынша шаралар қабылдау. Тексеру тағайындау туралы актілерді «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінде» (ЕРСОП)  тіркеуді жүзеге асыру.Респонденттерге және әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінде (ЕРАП) жүзеге асыру.Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбауын, сондай-ақ олардың анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде респонденттерге бармай мемлекеттік бақылауды ҚР мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында  көрсетілген тәртіпте жүзеге асыру.Статистикалық тіркелімдерді:  статистикалық бизнес-тіркелімін, ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімін, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін өзектілендіру жұмыстарын жүзеге асыру.АШТ-ны өзектілендіруге арналған деректерді (ЭШБЕА БҚ–дан кесінділер, әкімшілік дереккөздерден қалалардың үй шаруашылықтарының агрегатталған деректері,) жинауды және шаруашылық бойынша есепке алу негізінде АШТ-ны өзектендіру жүзеге асыру.  Келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте қарау.Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.11.2025 – 06.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10мб

Сұхбаттасу күні

10.11.2025

Сұхбаттасу орны

Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі 12

Анықтама алу үшін байланыс

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті,  мекенжайы: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі № 12, анықтама телефоны: 8/7242/ 27-40-98; 27-45-23,  e-mail: k.dstat@aspire.gov.kz.