Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті персоналды басқару қызметінің басқарма басшысы (C-O-3 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

Персоналды басқару жөніндегі сертификаты (HR саласындағы сертификаттың) немесе персоналды басқару саласындағы білімі туралы құжаттың болуы талап етіледі

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және еңбек заңнамасы саласындағы заңнамалардың орындалуы бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Қызметтің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау. Кадрлар мәселесі бойынша комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысына бағалау жүргізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді  жылжыту, мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан босату. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің жеке деректерінің есебін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері туралы, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасындағы мәліметтерді жүргізу. Департамент кадрларының мониторингі және кадрлық іс қағаздарын, соның ішінде персоналды басқарудың «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету. Тағылымдамадан өтуді, тәлімгерлікті, қызметті бағалауды, оқытуды, қайта даярлауды және белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеруді, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен бірлесе жұмыс істеу. Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін әзірлеу және олардың өзара алмасымдылығын белгілеу. Департаменттің БҚА жұмысына бақылау жасау және ұйымдастыру. Департаментте архив істерін, істер номенклатурасын жүргізуді бақылау. Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Департаментте мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету. Департаментте іс қағаздарын жүргізуді, құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері бойынша нұсқаулықтардың сақталуын бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2025 – 24.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

29.10.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-96-94