Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы (C-O-3 санаты, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылық етеді, басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, басқармадағы атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі. Басқарманың жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Есептік саясатқа сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және қаржы есептілігін қалыптастырады. Бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларын көрсетеді және оны бақылауды қамтамасыз етеді, жедел ақпарат ұсынады, қаржы және бюджеттік есептіліктерді белгіленген мерзімдерде құрады және ұсынады. Бухгалтерлік және экономикалық көрсеткіштерді талдайды, Департаменттегі қаржы жағдайы, қызмет нәтижесі мен қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дәйекті ақпарат ұсынады. Бюджет қаражатын және материалдық ресурстарды пайдалану бойынша Департамент қызметіне кешенді экономикалық талдау жасайды және жоспарлық-экономикалық жұмыстарды бақылайды. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындайды, веб-порталда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әукілетті өкілі функцияларын орындайды, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында Бірегей оператормен өзара іс әрекет етеді. Тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді және оны Веб-порталға орналастырады; белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгертулер енгізеді. Белгіленген мерзімдерге сәйкес тікелей шарт жасау жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептерді веб-порталға орналастырады. Тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қажеттіліктің жоспарлық номенклатурасын құрады. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделген бюджеттік қаржыға талдау жүргізеді. Соттың шешімі негізінде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тіркеліміне енгізуге өтінім береді. Азаматтық-құқықтық мәміле өтінімдерін тіркеуді бақылайды. Қаржы және кассалық тәртіпті сақтауды, ақша қаражатына, тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуді бақылайды. Еңбекке төлем қоры қаражатының жұмсалуын, салықтар аударуды бақылайды. Құқықтық сұрақтарды қарастыру кезінде белгіленген тәртіпте департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда білдіреді. Қаржы, мемлекеттік сатып алулар саласында барлық құқықтық актілерге құқықтық қамтамасыз етуді бақылайды. Басқарманың құзырына жататын құқықтық сұрақтар бойынша департамент атынан түсіндірулер дайындайды. «1С-Кәсіпорын» бағдарламасында және «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде, мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде, есептілікті тапсырудың бірегей жүйесінде (ЕТБЖ) және мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында жұмыс істейді. Уәкілетті органға белгіленген нысандар бойынша ақпарат және есептілік дайындайды. Аумақтық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдап және қарайды. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен көзделген ішкі әкімшілендіру басқармасы бойынша басқа міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады.

"А" функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2025 – 24.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

29.10.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-95-30