ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика департаментінің Персоналды басқару қызметінің басшысы (уақытша, 01.05.2023ж., дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Заңгер мамандығы бойынша қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Персоналды басқару қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына біліктілік талаптарын  әзірлеу. Кадр қызметі бойынша тоқсандық, жылдық және өзге де есептіліктерді жасақтау. Мемлекеттік қызмет кадрларының жағдайы туралы мониторинг есебі жасақталуына басшылық жасау. Департаменттің құрылымдық басқармаларының ережелерін және Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жасақталуын қамтамасыз ету және басшылыққа ұсыну. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің, әдіснамалардың, әдістемелердің, әдістемелік нұсқаулардың әзірленетін жобаларына ұсыныстар енгізу. Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімін ұйымдастыру. Тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру. Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Кадрлар іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу. Кадр қызметі бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментімен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментімен және басқа да мекемелермен тығыз жұмыс жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын ұйымдастыру. Бұйрықтарды дайындау. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Еңбек тәртібі мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика тәртібін сақтауын қадағалау. Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.08.2020 – 01.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.09.2020

Сұхбаттасу орны

Атырау қ., Махамбет к., 116 «б»

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56