ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика департаментінің Тіркелімдер басқармасының басшысы
Атырау облысы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру. Басқарманың жұмыс жоспарын жасақтау және орындалуын қамтамасыз ету. Жұмыс жоспарында қарастырылған статистикалық жұмыстардың On-Iine бағдарламасында өз уақытында және сапалы орындалуын, Е-қызмет, ЭҚАБЖ арқылы жұмыс жасалуын қамтамасыз ету. Статистикалық бағдарламаларды әзірлеу және Статистикалық бизнес тіркелімі, Тұрғын үй қоры тіркелімі, Ауылшаруашылық тіркелімі, Халық тіркелімі бойынша мемлекеттік статистикалық байқауларды бірыңғай және іріктеп зерттеулерді жобалау және уақытылы, әрі сапалы жаңғыртып отыруды қадағалау. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің, әдіснамалардың, әдістемелердің, әдістемелік нұсқаулардың әзірленетін жобаларына ұсыныстар енгізу. Барлық әкімшілік дереккөздермен өзара іс-қимыл, статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін олардан әкімшілік деректерді алу. Респонденттермен жұмыс басқармасынан, салалық және аудандық басқармалардан алынған тізімге сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес оларға қатысты әкімшілік іс қозғау туралы материалдар қарастырылып отырған респондент туралы байланыс деректерді заң басқармасына уақытылы тапсыру. Құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу. Әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау (профилактикалық бақылау) жүргізу. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен статистикалық тіркелімдер мәселелері бойынша нұсқаулық семинарлар, кеңестер өткізу, оларға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету, сонымен қатар тіркелімдерді жүргізу бойынша бақылау іс-шараларын өткізу. Кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында басқарма қызметкерлерімен оқыту жұмыстарын жүргізу. Іс номенклатурасын жүргізу, БАҚ-мен, мемлекеттік органдар және респонденттермен жұмыс істей білу. Белгіленген талаптарға және Қауіпсіздік саясатына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді қоса алғанда, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-ресурсында орналастырылған әдістемелік ұсынымдарымен уақытылы танысып, жұмыс бабында кең түрде пайдалану. Басқармада сапа менеджменті жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Басшылықта болатын жиналыстарға және өз саласына байланысты өткізілетін басқа да семинар-жиналыстарға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.09.2020
- Атырау қ., Махамбет к., 116 «б»
-
8(7122)32-42-56