Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Астана қаласы бойынша департаменті персоналды басқару қызметінің бас маманы, (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Қаржы және кредит
Функционалды міндеттер
Департаменттің құжат айналымын ұйымдастыру, Департамент басшылығының жеке және заңды тұлғаларды жеке мәселелер бойынша қабылдауын ұйымдастыру, бақылау құжаттарын орындаудың жалпы әдіснамасын жетілдіру, құжаттарды орындаудың электрондық жүйесінің (БҚА) жұмысын бақылау. Департаментте мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Департаментте құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Тапсырмалардың орындалуына мониторинг және талдау жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, құжаттардың орындалуы бойынша ақпарат пен есептілікті дайындау. «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттарды есепке алу, тіркеу, жөнелту, құжат айналымын ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Құжаттарды орындаудың электрондық жүйесінің (БҚА) жұмысы бойынша үйлестіру. Құжаттарды орындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесу. Мемлекеттік тілде іс жүргізуді ұйымдастыру және бақылау. Құпиялық режимін қамтамасыз ету, Департаментте құпиялық режимін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өкімдік әдістемелік құжаттарды әзірлеу және сараптау, құпия іс жүргізуді ұйымдастыру, мемлекеттік құпиялары бар құжаттарға адамдарды жіберуді ресімдеу (қайта ресімдеу), олардың қолданылу мерзімін бақылау, Департамент қызметкерлерімен ақпаратты қорғау жөніндегі шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік құпиялар мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Мазмұнында мемлекеттік құпиялары бар есептіліктерді жасау және ұсыну. Құжаттарды орындаудың электрондық жүйесіндегі жұмысы. Департамент басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
«В» функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 24.09.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-96-94