Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (C-O-4 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ұлытау облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Бағалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық етеді, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, Бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бөлімнің жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерінің қызметтік этиканы сақтауын қамтамасыз етеді. Құқықтық сұрақтар бойынша Департамент мүддесін сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіреді. Департамент әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай- ақ заңды сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады. Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамаларын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады және бақылайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шараларды қабылдайды. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүргізеді, бақылайды және ұйымдастырады. Респонденттерге алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мәселелері бойынша кеңес береді. Статистикалық есептілік нысандарын қайта қарау бойынша респонденттердің қатысуымен фокус-топтар өткізуді ұйымдастырады. Бөлім қызметінің мәселелері бойынша қалалық (аудандық) статистика бөлімдерінің мамандарына әдіснамалық көмек көрсетеді. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлімнің басқа міндеттері мен функцияларын іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 03.09.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-95-30