Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті заң басқармасының бас маманы, (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Департамент пен Бюро қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпте Департамент пен Бюроның мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда таныту. алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған және дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсынған үшін респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі уақтылы қозғау; әкімшілік істерді қарау туралы ескертуді (хабарламаны) уақтылы жолдау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы (қаулыны және басқа құжаттарды) респондентке тапсыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте рәсімдік әрекеттерді іске асыру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді мәжбүрлі түрде орындау үшін атқару өндірісі органдарына және қарызгердің (жеке немесе лауазымды тұлға) жұмыс орнына жолдауды рәсімдеу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы деректерді қалыптастыру, жүргізу және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасына (бұдан әрі – ҚР БП ҚС АБ) жөнелту жөніндегі жұмыстарды жүргізу. ҚР БП ҚС АБ деректер банкімен салыстыру-тексеру жүргізу. Бюроға жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар және төленген әкімшілік айыппұлдар туралы ай сайынғы ақпаратты ұсыну. Қаржы, кадрлық қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алулар салаларында барлық құқықтық актілерді бақылау. Тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтерді Департаментпен мемлекеттік сатып алуда заңгерлік жетекшілік жасау бойынша жұмыс жүргізу. Жалға алу, өтемелі қызметтер көрсету шарттарының заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, шарттар бойынша міндеттерді орындамағанда немесе тиісті деңгейде орындамағанда ықпал шараларын қолдану. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды атқару. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізу кезінде өз құзыреті шегінде салалық және аудандық (қалалық) басқармалармен, мемлекеттік органдарымен және басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Департаменттің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда барлық сот инстанцияларында Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес іс қағаздарын жүргізуін іске асыру. Ұсынылған алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы туралы міндеттемелерді сақтау, белгіленген талаптарға және Ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес қызметтік құжаттардың (ақпараттың), қызметтік және коммерциялық құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету. ҚР Конституциясы мен заңнамалығы талаптарын сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.08.2025 – 28.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

03.09.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-95-30