Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті жинақтау жұмыстары, пайдаланушылармен жұмыс және құжатайналымы бөлімінің бас маманы (C-O-5 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 20 желтоқсанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Шымкент қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарымен көзделген департаменттің жұмыс жоспарын, жариялайтын статистикалық материалдар тізбесін, баспасөз-хабарламалар жоспарын дайындау және оның орындалуын бақылау. Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес ресми статистикалық ақпаратты тарату. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз ету. Жиынтық статистикалық жарияланымдарды шығару. Бұқаралық ақпарат құралдарына материалдарды әзірлеу. Департаменттің интернет ресурстарын жүргізу және тұрақты түрде жаңартып отыру. Пайдаланушыларға ақпараттық көмек көрсету. Департаментте құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілдегі іс-қағаздарының дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру. Департамент ғимаратының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 03.09.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-95-30