Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, (C-4 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары бойынша олардың заңнама талаптарына сәйкестігіне қорытынды ұсыну. Қазақстан Республикасының сот, өзге де мемлекеттік органдарында Ұлттық статистика бюросының құқықтары мен мүдделерін қорғау. Шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі құжаттардың жобаларын дайындау. Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Ұлттық статистика бюросының қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізу және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу. Ұлттық статистика бюросының пайдасына қабылданбаған сот актілеріне шағымдану жөніндегі құжаттардың жобаларын, сондай-ақ прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініш жобасын дайындау. Заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтау. Мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алу шараларын қолдануға арналған жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға, Ұлттық статистика бюросында жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізуге қатысу. Респонденттер мен әкімшілік дереккөздер шағымданған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға құзыреті шегінде қатысу. Өз құзыреті шегінде Басқарма, Департамент, Ұлттық статистика бюросы, Агенттік басшылығының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 26.08.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8 (7172) 74-96-94