Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының басшысы, (C-O-3 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 26 ақпанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, «А» функционалдық блогы, УСТИУЖ-1)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ақтөбе облысы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын ұйымдастыру. Жұмыс жоспарында көзделген басқарманың статистикалық жұмыстарының уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру. Іріктемелі тексерулер, жұмыспен қамту және тұрмыс деңгейі бойынша біржолғы жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу. Статистикалық жұмыстарды орындау, есепті деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша есептілікті ұсынудың белгіленген тәртібін сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру. Аудандық статистика басқармаларына, респонденттер мен интервьюерлерге еңбек, жұмыспен қамту және тұрмы деңгейі статистикасы бойынша есепке алу және есептілік мәселелері бойынша консультация беру және оқыту семинарларын ұйымдастыру. Бастапқы есепті деректердің сапасы мен дұрыстығына бақылау жүргізу, практикалық және әдіснамалық көмек көрсету. Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың сұрау салуларына жауаптар дайындау.
«А» функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Ka.kadry@aspire.gov.kz
- 06.08.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-96-94