Есіл ауданы Статистика басқармасының басшысы, санаты «С-О-3», «А» блогы
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ақмола облысы
380390
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне басшылық жасау, жүктелген міндеттердің орындалуына, атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына дербес жауапты болу. Басқарманың қызметін жоспарлауды жүзеге асыру, басқарма жоспарының орындалуын бақылау және қамтамасыз ету. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік дереккөздерге барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Респонденттерден қағаз жеткізгіштерде алынған алғашқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру. Респонденттермен және интервьюерлер мамандармен оқыту семинарларын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, жүргізу және бақылау. Респонденттерге және интервьюерлер мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Ісқағаздар жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және басқарманың мұрағаттық құжатнамасына байланысты жұмысын басқару. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
statakm@aspire.gov.kz
- 05.08.2025
- Кокшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев данғылы, 73, каб.315
-
8(716-2)25-05-48