Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл басқармасының бас сарапшысы, (C-4 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика
- Информатика
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Статистика
Функционалды міндеттер
Бюроға келіп түсетін барлық хат-хабарларды
қабылдау, бастапқы өңдеу; азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен арыздарын
тіркеуді қамтамасыз ету; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар
мен басылымдарды қабылдау мен есепке алуды (тіркеуді) қамтамасыз ету; Бюро
басшылығы бекіткен графикке сәйкес Бюро басшылығының азаматтарды
қабылдауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; «Қызмет бабында пайдалану үшін»
белгісі бар іс жүргізуі аяқталған істерді ведомстволық архивке тапсыруды
қамтамасыз ету; Бюро басшылығының визасы бойынша хат-хабарларды жаңа
мекенжайға жіберу және Бюро басшылығының қарарына сәйкес Бюроның
құрылымдық бөлімшелеріне тарату; азаматтардың және ұйымдардың хаттары,
өтініштерімен жұмыс істеу; жоғары тұрған органдар ПӘ, ПМК тапсырмаларымен
жұмыс, Бюроның құрылымдық бөлімшелерінде істердің дұрыс қалыптастырылуын
қамтамасыз ету, құжаттардың қозғалысы, олардың орындалуы, істерді Бюроның
архивіне дайындау және беру; Істер номенклатурасын әзірлеуге қатысу; «Қызмет
бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдау мен
есепке алуды (тіркеуді) қамтамасыз ету және Бюро басшылығының қарарына сәйкес
Бюроның құрылымдық бөлімшелеріне бөлу. Шығыс хат-хабарларды БҚА-да тіркеу,
пошталық және курьерлік байланыс ұйымдары арқылы Бюроның шығыс хатхабарларын жөнелту бойынша жұмыстар; мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту
бойынша жұмыстарды жүргізу, тілдер туралы заңнаманы сақтау; заң жобаларының,
нормативтік-құқықтық актілердің, Бюро басшылығының бұйрықтары жобаларының,
статистикалық материалдардың, ағымдағы хаттардың, баяндамалардың, баспасөз
хабарламаларының мемлекеттік тілдегі аудармасының теңтүпнұсқалылығын
қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Басқарма жоспарларында
көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын өз құзыреті шегінде
қамтамасыз ету; Бюроның ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тиісті жылға арналған іс
шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту; Агенттікке ҚР тіл саясатын іске асырудың
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы
ақпаратты дайындау, Бюродағы және оның аумақтық органдарындағы тілдік
жағдайға (іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін) талдау және мониторинг
жүргізу; мемлекеттік тілді насихаттау және оқыту бойынша іс-шараларды
ұйымдастыру; Басқарма жұмысының жылдық жоспарын қалыптастыруға қатысу;
функционалдық міндеттер шеңберінде бюджеттік өтінімдерді дайындау; басқарма
қызметі шеңберінде техникалық ерекшеліктерді әзірлеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 22.07.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-95-30