Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Батыс Қазақстан облысы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Есепті тиімді ұйымдастыруын қамтамасыз етеді; басқарма жұмысын жүктелген міндеттерге сәйкес ұйымдастырады және мамандарға жүктелген жұмыстар мен функциялардың орындалуын бақылайды; қаржы тәртібін сақтайды және ресурстарды тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды жасау және жүзеге асыруға қатысады; есеп жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті участоктері бойынша мәліметтер дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімдейді; бухгалтерлік ақпараттардың мәліметтер базасын қалыптастырады, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды; келіп түскен ақшалай қаражаттардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың уақтылы есебіне қадағалауды жүзеге асырады; ұйым қызметкерлері жалақысының дұрыс есептелуін, жалақы қорының жұмсалуын қадағалайды, салық салу, зейнетақылық және өзге сақтандыру жарналары төлемдері бойынша есептесулердің уақыттылығын, сақталуын қадағалайды; мемлекеттік сатып алуға бақылауды жүзеге асырады, бекітілген департамент құрылымына сәйкес штаттық кесте жасайды, кәсіптер мен лауазымдар атауларының дұрыстығын белгілейді, тарифтік ставкалар қолдануын, лауазымдық жалақылар мен басқа да төлемдердің бақылауын жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-96-94