ҚР ҰЭМ СК Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті Заң басқармасының басшысы

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Департаменттегі құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жүзеге асырады. Сот органдарында, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Департамент қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен Департаменттің мүдделерiн бiлдiредi. Құқықтық құралдармен Департаменттің мүліктік және басқа да заңи құқықтары мен мүдделерін қорғау. Заңнамалық актілермен көзделген жағдайда құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша Департамент атынан түсiндірме дайындау. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, Департамент мүлкінің бүтіндігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеп жүзеге асыруға қатысады. Анықталған кемшіліктерді жою және Департаменттің шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатымен талаптарды, сот және алқалы сот істерін қарау нәтижелеріне, шаруашылық шарттардың жасалу және орындалу практикасына зерттеу, талдау және жалпылау өткізеді. Шаруашылық шарттар жасау жұмысына, олар бойынша құқықтық сараптама өткізуге қатысады. Сот ісінің қарауындағы және орындалған сот, алқалы сот істерін және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді есепке алуды және сақталуын жүзеге асырады.  Департаменттің қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындауға қатысады. Департамент қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заң мәселелері бойынша консультация береді, қорытындылар дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі. Департаменттің қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және оған енгізілген өзгерістер туралы ақпараттандырады, Департаменттің лауазымды адамдарын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізілуіне заңгерлік жетекшілік жүзеге асырады. Департамент құзыретіне жататын бақылау функцияларын құқықтық сүйемелдеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.08.2020 – 26.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

02.09.2020

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті, 150008 Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 83

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама телефоны: (8-7152)36-11-29