Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті баға статистикасы басқармасының басшысы, (C-O-3 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 18 наурызға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, "А" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317807

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарма  жұмысын ұйымдастырады және мамандарға жүктелген жұмыстар мен функциялардың орындалуын бақылайды; баға статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; баға статистикасы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы статистикалық жинақ, бюллетеньдер, жедел ақпараттар, баспасөз хабарламасы және басқа статистикалық материалдарды дайындайды; баға статистикасы бойынша ақпараттық-статистикалық дерекқорды  жинақтайды, жүргізу және жаңғыртуды қамтамасыз етеді; заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етеді; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді; салалық каталогтерді жүргізеді және оны жаңғыртуды жүзеге асырады; Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай жүзеге асыру;  Респонденттерден қағаз жеткізгіштерде алынған бастапқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру;  номенклатураға сәйкес істерді жасайды, АСБ мамандарымен және мемлекеттік органдармен семинарлар өткізеді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.06.2025 – 01.07.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-96-94