Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, (C-O-2 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі; 

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Математика
  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Аграрлық техника және технология
  • Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • Туризм
  • Бағалау

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде Департамент басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, сот және қадағалау органдарымен және өзге де заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Департаменттің мүддесін білдіру. Респонденттермен және ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс жасау. Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Департамент жоспарында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындау. Ұлттық санақтарды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін саладағы құрылымдық басқармалардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілерінің, Бюро бұйрықтарының, Департамент бойынша шешімдер мен бұйрықтардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен және оның тиісті филиалдарымен өзара іс-қимыл жүргізу. Ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттар негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін және жетілдірілуін қамтамасыз ету. Статистикалық көрсеткіштердің толықтығын, анықтығын және жеткілікті болуын қамтамасыз ету, статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс, олардың сұраулары бойынша жеке және заңды тұлғаларға ресми статистикалық ақпаратты ұсыну. Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.06.2025 – 01.07.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10МБ

Сұхбаттасу күні

03.07.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-96-94