Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы (C-O-4 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ұлытау облысы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Бағалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық етеді, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, Бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бөлімнің жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерінің қызметтік этиканы сақтауын қамтамасыз етеді. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді. Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды ұйымдастырады және бақылайды. Ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша респонденттерге және қалалық (аудандық) статистика бөлімдерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанына қатысады. Ұлттық санақтарды өткізуге қатысады. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу үшін тұлғаларды интервьюерлер ретінде тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды өткізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлімнің басқа міндеттері мен функцияларын іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-95-30