«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ Қарқаралы ауданының Статистика басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылық етеді, басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, басқармадағы атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.

Басқарманың қызметін жоспарлауды жүзеге асырады, басқарма жоспарының орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді.

Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады, бақылайды және өткізеді.

Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімді және жоспардан тыс тексеру нысанында, басқарманың құзіретіне кіретін мәселелелер бойынша мемлекеттік басқару ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.

Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы респонденттердің қатысуынсыз респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаған, сондай-ақ олардың дәйексіздік бастапқы статисикалық деректерді ұсынған  анықтау түрінде мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.

Ұлттық санақтар жоспарын іске асыруды ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде ақылы қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмыстарын ұйымдастырады, бақылайды.

Респонденттермен және интервьюерлер мамандармен оқыту семинарын жүргізу бойыша жұмысты ұйымдастырады, жүргізеді және бақылайды.

Респонденттерге және интервьюерлер-мамандарға әдістемелік көмек көрсетеді.

Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.06.2025 – 10.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

13.06.2025

Сұхбаттасу орны

Карағанды қ., Чкалова қ. 10

Анықтама алу үшін байланыс

Карағанды қ., Чкалова қ. 10, тел 41-45-31