Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 5 шiлдеге дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика
- Информатика
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Статистика
Функционалды міндеттер
Бюроға келіп түсетін барлық хат-хабарларды қабылдау, бастапқы өңдеу; азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен арыздарын тіркеуді қамтамасыз ету; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдау мен есепке алуды (тіркеуді) қамтамасыз ету; Бюро басшылығы бекіткен графикке сәйкес Бюро басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар іс жүргізуі аяқталған істерді ведомстволық архивке тапсыруды қамтамасыз ету; Бюро басшылығының визасы бойынша хат-хабарларды жаңа мекенжайға жіберу және Бюро басшылығының қарарына сәйкес Бюроның құрылымдық бөлімшелеріне тарату; азаматтардың және ұйымдардың хаттары, өтініштерімен жұмыс істеу; жоғары тұрған органдар ПӘ, ПМК тапсырмаларымен жұмыс, Бюроның құрылымдық бөлімшелерінде істердің дұрыс қалыптастырылуын қамтамасыз ету, құжаттардың қозғалысы, олардың орындалуы, істерді Бюроның архивіне дайындау және беру; Істер номенклатурасын әзірлеуге қатысу; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдау мен есепке алуды (тіркеуді) қамтамасыз ету және Бюро басшылығының қарарына сәйкес Бюроның құрылымдық бөлімшелеріне бөлу. Шығыс хат-хабарларды БҚА-да тіркеу, пошталық және курьерлік байланыс ұйымдары арқылы Бюроның шығыс хат-хабарларын жөнелту бойынша жұмыстар; мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізу, тілдер туралы заңнаманы сақтау; заң жобаларының, нормативтік-құқықтық актілердің, Бюро басшылығының бұйрықтары жобаларының, статистикалық материалдардың, ағымдағы хаттардың, баяндамалардың, баспасөз хабарламаларының мемлекеттік тілдегі аудармасының теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Басқарма жоспарларында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету; Бюроның ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тиісті жылға арналған іс- шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту; Агенттікке ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы ақпаратты дайындау, Бюродағы және оның аумақтық органдарындағы тілдік жағдайға (іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін) талдау және мониторинг жүргізу; мемлекеттік тілді насихаттау және оқыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру; Басқарма жұмысының жылдық жоспарын қалыптастыруға қатысу; функционалдық міндеттер шеңберінде бюджеттік өтінімдерді дайындау; басқарма қызметі шеңберінде техникалық ерекшеліктерді әзірлеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 03.06.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-95-30