Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басқарма басшысы (C-O-3 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Павлодар облысы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Математика
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Әдістемелік және нұсқаулық материалдарды қолдану негізінде жиынтық статистикалық ақпараттың уақыттылығын, толық қамтылуы мен дұрыстығын қамтамасыз ету; әдіснамалық және талдамалы жұмысты жүргізу, Басқарма мамандарының оларды орындау барысын бақылау; Басқарма жұмысы жоспарының тиісті орындалуын, статистикалық есепті уақытылы жинауды бақылауды жүзеге асыру; респонденттерге түсініктемелер және кеңес беру, респонденттермен өткізілетін семинар-кеңестерге қатысу; Департаментте Ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарын сақтауды қадағалау; Департаменттің ақпараттық технологияларының дамуын бақылау; құзіреті шегінде шығыс және кіріс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақытылы дайындауды жүзеге асыру, басшылықтан алынған өзге де тапсырмаларды орындау; белгіленген тәртіпте Департамент пен Бюро қызметіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарастыру кезінде сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда Департамент пен Бюроның мүдделерін білдіру; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау бойынша материалдарды қарастыру кезінде салалық және аудандық статистика басқармаларымен өзара қарым-қатынас жасау; әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің уақытылы қозғалуын бақылау; ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің орталықтандырылған деректер базасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтерді және оларды жасаған тұлғалар туралы деректерді қалыптастыру, жүргізу және жіберу бойынша жұмысты жүргізу (бұдан әрі - ҚР БП ҚС және АЕК); Әкімшілік іс жүргізудің бірынғай тізілімін жүргізуді бақылау, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша уәкілетті органдардың қарауының нәтижелері туралы» 1-AҚ есебін уақытылы қалыптастыру, ҚР БП ҚС және АЕК-тің деректер базасымен салыстырып тексеру жүргізу; респонденттерге бармай, профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау; әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 21.05.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-95-30