Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті персоналды басқару қызметінің бөлім басшысы (C-O-4 санаты, 1 бірлік, 03-01, «А» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде департамент басшысының
актілері мен тапсырмаларын орындау. Бөлімге жүктелген жұмыстардың уақытылы
және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Бөлімге басшылық жасайды, бөлімнің
жұмыстарын жоспарлайды, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің ҚР
мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін
үйлестіреді. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы
заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек тәртібінің сақталуын, сондай-ақ
мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз етеді. ҚР
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментімен, ҚР
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика
бюросымен, Департамент бөлімдерімен кадр мәселелері бойынша уақтылы
ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметке кіру,
мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, өз
құзыреті шегінде қызметтік тергеп-тексерістерді жүргізу, ұйымдастыру.
Құжаттардың қазақ-орыс тілдерінде тұпнұсқалық, сауатты рәсімделуін қадағалайды,
Өз құзыреті шегінде ҚР Заңнамасына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау. Айлық, тоқсандық, жылдық есептерді қалыптастыру, олардың
уақытында жоғарғы мемлекеттік органдарға жолдануын қадағалайды. Мемлекеттік
қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік
қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, қызметтен шығару бойынша
жұмыстарды жүргізу. Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
жұмысын бағалау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Біліктілік талаптары жинағын
әзірлейді, оны бекіту бойынша жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік
қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау комиссиясының жұмысын үйлестіреді және
хаттамаларын жүргізеді. Мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысы бойынша
кестесін құру, ол бойынша есептілікті жүргізу жұмыстарын жүргізу. Департамент
қызметшілерін марапаттау жұмыстарын жүргізеді. Кадрлық мәселелер бойынша
бөлімнің міндеттеріне қатысты басқа да функцияларды орындайды. Департаменттің
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау бойынша жұмысты жүзеге
асырады. Біліктілік талаптарының жинағын ресімдеуді және бекітуді қамтамасыз
етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2025 – 16.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

21.05.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-95-30