Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы (C-O-3 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ақмола облысы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне басшылық етеді, басқармаға
жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, басқармадағы
атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.
Басқарманың жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын
қамтамасыз етеді. Есептік саясатқа сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және қаржы
есептілігін қалыптастырады. Бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жүзеге
асырылатын шаруашылық операцияларын көрсетеді және оны бақылауды
қамтамасыз етеді, жедел ақпарат ұсынады, қаржы және бюджеттік есептіліктерді
белгіленген мерзімдерде құрады және ұсынады. Бухгалтерлік және экономикалық
көрсеткіштерді талдайды, Департаменттегі қаржы жағдайы, қызмет нәтижесі мен
қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дәйекті ақпарат ұсынады.
Бюджет қаражатын және материалдық ресурстарды пайдалану бойынша
Департамент қызметіне кешенді экономикалық талдау жасайды және жоспарлықэкономикалық жұмыстарды бақылайды. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру
және жүргізу үдерістерінің орындалуын, азаматтық-құқықтық мәміле өтінімдерін
тіркеуді бақылайды. Қаржы және кассалық тәртіпті сақтауды, ақша қаражатына,
тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуді бақылайды. Еңбекке
төлем қоры қаражатының жұмсалуын, салықтар аударуды бақылайды. Құқықтық
сұрақтарды қарастыру кезінде белгіленген тәртіпте департамент мүддесін сотта,
сондай-ақ басқа ұйымдарда білдіреді. Қаржы, мемлекеттік сатып алулар саласында
барлық құқықтық актілерге құқықтық қамтамасыз етуді бақылайды. Басқарманың
құзырына жататын құқықтық сұрақтар бойынша департамент атынан түсіндірулер
дайындайды. «1С-Кәсіпорын» бағдарламасында және «Қазынашылық-Клиент»
ақпараттық жүйесінде, бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде, есептілікті
тапсырудың бірегей жүйесінде (ЕТБЖ) және мемлекеттік сатып алулардың вебпорталында жұмыс істейді. Уәкілетті органға белгіленген нысандар бойынша
ақпарат және есептілік дайындайды. Аумақтық бөлімшенің құзыретіне кіретін
мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуді
ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік
органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және
жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Еңбекақы есептеу, демалысқа
шыққанда берілетін қаражатты есептеу, еңбекке жарамсыздығы парақтары бойынша
есеп айырысу, жұмысшылардың еңбекақысын аудандық пошталық байланыс
тораптарындағы карточкалық шоттарына аудару үшін тізім құру, зейнетақы
жарналарын, әлеуметтік төлеулерді, орындау парақтары бойынша сомаларды
аудару, еңбек жөнінде есеп, салық бойынша декларациялар жасау, зейнеткерлікке
шығуға еңбекақы парағын жасау, жазбаша түрінде келіп түскен сұраныстарға
анықтамалар беру. Іссапар шығындарын есепке алу. Ақылы қызмет көрсету
шарттарымен қабылданған жеке тұлғалармен есеп айырысу бойынша
міндеттемелерге және шаруашылық операцияларға есеп жүргізеді. Қолданыстағы
бюджет заңнамалығының талаптарына сәйкес нысаны, толтыру толықтығы мен
дұрыстығы бойынша сәйкес коммуналдық төлемдер, байланыс қызметтері,
жайларды жалдау төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бюджет
шығыстарының экономикалық жіктегішінің ерекшеліктері бойынша электрондық
банк құжаттарын жасайды және ресімдейді. Өтінім берілген және атқарушылық
құжаттар бойынша табыстарды аударуды және салықтар мен басқа алымдарды
алуды жүргізеді. Статистикалық есептер жасайды. Мәліметтердің салық есебін
жүргізеді, белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға салық есебін ұсынады және
құрады. Ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша қабылданған жеке тұлғаларға
көрсетілген қызметтер актісіне сәйкес статистикалық зерттеулер бойынша қызмет
көрсеткені үшін сыйақы есептейді. Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес
мемориалдық-ордерлік нысан бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді. «1СКәсіпорын» бағдарламасында және «Қазынашылық-Клиент», «Электрондық шотфактура» ақпараттық жүйесінде және мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында
жұмыс істейді. Уәкілетті органға белгіленген нысандар бойынша ақпарат және
есептілік дайындайды. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа
функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 15.05.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172)74-95-30