Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті қызмет көрсету статистикасы басқармасының бас маманы (C-O-5 санаты, 1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Қарағанды облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді.
Көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша мемлекеттік статистика саласындағы респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай, басқарманың құзіретіне кіретін әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауға қатысып қашықтан бақылауды жүзеге асырады, ұйымдастырады, бақылайды.
Көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қашықтықтан бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге мемлекеттік бақылау жүргізуге қатысады.
Әкімшілік дереккөздерге қатысты, басқарманың құзыретіне кірісті сұрақтар бойынша, әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Статистикалық жұмыстар жоспарымен қарастырылған статистикалық ақпаратты тарату кестесіне, мөлшеріне сәйкес көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпаратты таратуды және статистикалық жарияланымдарды қалыптастырылуын қамтамасыз етеді.
Туризм және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалықбайқауларды жүргізу кезінде ақылы қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмысын бақылайды.
Көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша респонденттермен және интервьюерлермен туризм және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша оқыту семинарларын жүргізеді.
Көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша респонденттерге және аумақтық басқармалар мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді.
Басқарманың негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын жүзеге асырады
Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
«А» функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 07.04.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-95-30