Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданының Статистика басқармасының басшысы. Индексі УСРР-1
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Алматы облысы
354069
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қаржы
- Математика-Информатика
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Мемлекеттік басқару
- Қаржы және кредит
Қосымша талаптар
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім:бизнес және менеджмент, экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысына басшылық жасау; статистикалық бақылау, біржолғы зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу. Статистикалық деректерді талдау және қорытындылау, талдамалы жазба, баяндама, жарияланымдарды, нұсқауылық шолу хаттарды дайындау; Статистикалық жұмыстардың сапалы, уақытылы, дұрыс орындалуына бақылау жасау. Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру, есептік деректердің дұрыстығына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Тексеруді қорытындылау. Басқармада іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; Статистикалық деректердің дұрыстығы мен толықтығына, есептердің дұрыс толтырылуы бойынша негізгі ережелерді жергілікті атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру, нұсқау, семинар-кеңестер өткізу; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, туризм, жерге орналастыру, әлеуметтік жұмыс, кадастр, бағалау, логистика (сала бойынша), құрылыс және инвестициялар бойынша есеп жүргізу; Статистикалық бақылау, біржолғы зерттеулерді және ауыл шаруашылығы бойынша санақты ұйымдастыру және жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану; математикалық формуларды қолдану арқылы есептеу; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу. Функционалдық блок - "А".
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.belalov@aspire.gov.kz
- Алматы қаласы, Абай көшесі, №125
-
8 (727) 2694246