Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, (C-O-5 санаты, 08-02, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Респондеттер дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді табыс еткенде немесе бұл деректерді табыс етпегенде немесе келісілмеген нысандарда әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді жинауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика туралы заңнамасы талаптарын бұзғанда бұзушылық жасаушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды жүргізеді.  ӘЖБТ (Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі) жүйесінде жұмыс жүргізеді. Респонденттерге және әкімшілік дереккөздерге салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Департаментпен салынған айыппұлдардың бюджетке түскеніне бақылау жасау үшін «Қазынашылық- Клиент» ақпараттық жүйесінде   жұмыс жүргізеді. «ТСОБТ» (Тексеру субьектілері мен обьектілерінің біріңғай тізілімі) жүйесінде жұмыс жүргізеді.  Әкімшілік ісжүргізу бойынша есепті жүргізеді, оны ҚР СЖ және РА ҰСБ-на ( Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы) тапсырады. Респонденттерді және әкімшілік дереккөздерді әкімшілік жауапкершілікке бойынша басқа мемлекеттік органдармен (соның ішінде соттарда), заңды және жеке тұлғалармен құқықтық қатынастар кезінде департаменттің атынан өкілдік етеді. Департамент бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасайды. Бөлім құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша департамент актілері жобасын әзірлейді. Өз құзіреті шегінде мемлекеттік статистика саласында құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге және келісуге қатысу. Департамент қызметіне қатысты нормативтік құқықтық құжаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа да заңнамалық актілерге сәйкестігін тексереді. Респондеттер мен әкімшілік дереккөздердің оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты өтініштерін заңнамада көрсетілген тәртіпке сәйкес мерзімдерде қарайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Заңға сәйкес мерзімде қарайды. Бөлімнің мұрағатқа сақтауға тапсыру үшін құжаттарды дайындау бойынша жұмыс жасайды.Тапсырмалардың уақытында орындалуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтау. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша бөлім қызметіне қатысты есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттарды дайындайды. Департамент бөлімдері әзірлейтін актілердің жобаларын келісуге қатысу. Басшысының келісімі мен әртүрлі инстанциядағы соттарда респонденттер мен әкімшілік дереккөздер жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Департамент мүддесін қорғайды. Өз құзіретінің шегінде облыс бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзған респонденттердің орналасқан жерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыру. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін респонденттерді және келісілмеген статистикалық нысан бойынша әкімшілік деректтерді жинағаны үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жүмыс істейді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.02.2025 – 07.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

11.02.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-96-94