Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Мақат ауданының статистика бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау. Бөлімнің жұмыс жоспарының жасақталуын және орындалуын қамтамасыз ету. Статистикалық жұмыстар жоспарында қаралған статистикалық байқаулар мен зерттеулердің уақытылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің респонденттермен он-лайн режимінде ұсынылуын арттыру шараларын қабылдау. Алғашқы статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету. Статистикалық тіркелімдерді сапалы жаңғырту, респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау. Бөлім құзыреті шегінде респонденттерге және интервьюерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асыру. Басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің, әдіснамалардың, әдістемелердің, әдістемелік нұсқаулардың әзірленетін жобаларына ұсыныстар енгізу. Бөлім құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекеттесу. Респонденттерден және үй шаруашылықтарынан қағаз жеткізгіштерде алынған бастапқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.01.2025 – 03.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

07.02.2025

Сұхбаттасу орны

Атырау қ., Махамбета к., 116 "Б"

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122) 32-42-56