Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік сатып алулар басқармасының басқарма басшысы (C-3 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 2 ақпанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Экономика және менеджмент
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету және жұмыстарды ұйымдастыру; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа бөлімшелермен Басқарма қызметін үйлестіру; Басқарма қызметкерлері дайындаған құжаттардың сапасын бақылау; құзыреті шегінде Үкімет шешімдерін, заңнамалық және өзге де нормативтік актілер жобаларын әзірлеуге қатысу; Басқарманың жұмыс жоспарының орындалуын, сонымен қатар Басқарма жұмысына қатысты Бюроның іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау; қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыру; конкурстар тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны және көлемінің экономикалық есептерін және негіздемелерін жасау; Бюроның мемлекеттік сатып алуларын жүргізу тәсілдері және мерзімдерін көрсетумен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланған номенклатурасы, көлемі бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 21.01.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-95-30