ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің Арал ауданының Статистика бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Математика
  • Информатика
  • Құқық және экономика негіздері
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Берілген тапсырмалардың, бұйрықтардың, міндеттердің уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Статистика саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Өз құзыреті шегінде кіріс және шығыс құжатайналымы бойынша материалдарды уақытылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтың өзгеде тапсырмаларын орындау. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және енгізу. "Бір терезе" қызметінің жұмыс регламентін сақтау, респонденттерге практикалық және әдіснамалық көмек көрсету. Респонденттерге қатысты деректерді уақытылы өзектілендіруді   жүзеге асыру. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көрсетілген тәртіпте жүзеге асыру. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбауын, сондай-ақ олардың анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде респонденттерге бармай мемлекеттік бақылауды ҚР мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көрсетілген тәртіпте жүзеге асыру. Статистикалық тіркелімдерді: статистикалық бизнес-тіркелімін, ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімін, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін өзектілендіру жұмыстарын жүзеге асыру. АШТ-ны өзектілендіруге арналған деректерді (ЭШБЕА БҚ-дан кесінділер, әкімшілік дереккөздермен қалалардың үй шаруашылықтарының агрегатталған деректері), жинауды және шаруашылық бойынша есепке алу негізінде АШТ-ны өзектендіруді жүзеге асыру. Келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте қарау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.01.2025 – 21.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15-20 Мб

Сұхбаттасу күні

24.01.2025

Сұхбаттасу орны

Қызылорда қ., Жахаев көшесі 12

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7242) 27-40-98, 27-45-23